2020 жылдың 15-16 қазан күндері № 17 «Ручеек» бала-бақшасында Дене шынықтыру пәні мұғалімі Казицина Н.И. Жол жүру ережесі бойынша спорттық іс шара жүргізіп естиярлар тобымен «В гостях у светофорика» аппликация элементтері арқылы, ал ересектер тобы мен мектепке дейінгі топтарға «Дорожная азбука и баба Яга» тақырыбында жүргізілді.
Іс шараның мақсаты:
- жолда жүру ережесі жайлы білімдерін бекіту және она әр түрлі жағдайларда қолдана білу;
- транспорт бағдаршамның жұмыс істеуі жол белгілерін білу және оларды бұзбауы жайлы білімдерін бекіту;
- шапшандық пен ептілікті дамыту қимыл қозғалысы үйлесімділігі достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысында балалар қимыл қозғалысы ойындарын ойнап сонымен қатар жолда жүру ережесі қайталады. Бағдаршаммен Баба Ягаға ненің маңыздығын және ережелерді сақтау керектігін сурыптауға көмектесті. Балалар ойынды қызығушылықпен ойнап бейсенділік танытты сабақ тек балалардың оқу үрдісі мен дағдыларын ғана емес, сонымен бірге шапшандылық пен топпен жұмыс жасауға бағыттайды. Балалар жолда жүру ережесі өздерінің білімдерімен қуантты берілген тапсырманынақты орындап бірігіп жұмыс жасады. Әр топтық мақтау қағазымен марапаттады.