Жүгіру жолы
AA+
№17 «Ручеек» балабақша-бөбекжайы КМҚК
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі
Жүгіру жолы
№17 «Ручеек» балабақша-бөбекжайы КМҚК
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі

Әрбір үйге мерекелік
Біздің алтын күз келді.
Күз мерекесі балабақшаға енді
Қуанту үшін үлкен- кішілерді.

Әдеттегідей қазан айында біздің №17 «Ручеек» балабақшасында күз мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Қазан айының 28, 29 күні «Жаздан кейін күз келді» атты ертеңгілік өтіп, барлық топтар белсенділік танытты. Іс – шараға дайындық мерекеге дейін-ақ басталды. Балалар тәрбиешілерімен тақпақтар айтып, би билеп, музыка мұғалімдерімен бірге күз туралы ән айтты. 
Белгіленген күні безендірілген күзгі залда қонақтар жиналды. Мерекенің музыкалық  жетекшілері – Шапатов Н.М., Нурланова Г.Н.  және топ тәрбиешілері дайындаған қызықты сценарий балаларға өте қызықты болды. Балалар мерекесіне орман қожайыны Аю,  Холодина мен Мокрина,  Күн мен Бұлт өздерінің қызықты ойындарымен қонаққа келді.  Балалар хормен өлең айтып, көптеген тақпақтар айтып, жұмбақтар жасырып, би билеп, Күз ханшайымын асыға күтті. Оның келуімен балалар күзгі орманға қызықты саяхатын жалғастырды. Ал ең қызықты, есте қалатындай сәт – Күздің балаларға арнап даярлаған себет толған алмалар тосын сыйы болды. 
Балабақшадағы мереке - бұл балаларымыздың сыңғыр күлкісі мен қуанышы. Мереке  қызықты және шаттықты болды. Барлығы сәтті, оңымен өтті!