2020 жылдың 24-25 қыркүйек айында №17 «Ручеек» балабақшасында тілдер мерекесіне байланысты іс-шара өткізілді. Бұл мерекеге орта топпен мектепке дейінгі ересектер тобы қатысты. Іс - шараның негізгі мақсаты: балалардың елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілігін ояту, ата- бабамыздың келе жатқан салт-дәстүрімізді ұмытпай, оны бағалау, ҚР көп ұлтты мемлекет екендігіне мақтанышпен қарау. Барлық топтың балалары Қазақстан Республикасы гимін бір ауыздан айтып шықты. Үш тілде айтылған тақпақтар және де достық жайлы өлеңмен балаларымыз қонақтарды таң қалдырды. Мейрамның қонағы Пэппи балалармен әр түрлі ойын жүргізді. Мейрам жоғары деңгейде өтті деген ойдамыз, бүлдіршіндеріміз барлығы белсенді ат салысты. Мейрам балалар үшін өте көңілді және қызықты, тартымды өтті.