Мақсаты: Оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстан Республикасы халықтарының рухани және мәдени мұраларына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
25 қазанда республикамыз өзінің басты мерекесі - Қазақстан Республикасының күнін тойлайды. Республика күнін мерекелеу аясында балабақшада іс-шаралар өткізілді.
20 қазан күні мереке күніне орай балабақшамызда топшалар бойынша тақырыптық сабақтар дайындалып, өткізілді. Тәрбиешілер мектепалды даярлық және жоғары сынып оқушыларымен «25 қазан Республика күні», «Республика рәміздері», ортаңғы топ «Туған өлкем» топтарымен әңгімелесті. Балалардың туған өлкенің тарихын білуге деген қызығушылығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Қазақстан – менің туған өлкем» тақырыбында сурет байқауы, патронаттық топтарда көрмелер ұйымдастырылып, демалыстар ұйымдастырылды.