Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 17 «Ручеёк» балабақша-бөбекжайын» КМҚК «Ер-Төстік» қазақ халық ертегісінің желісі бойынша өткізілген спорттық-музыкалық іс-шара жөніндегі ақпарат
2020 жылы 3-4 желтоқсанда №17 «Ручеек» балабақша-бөбекжайында мектепалды және ересек топтағы балаларға арналған спорттық-музыкалық ертегі қойылымы болды. «Ер-Төстік» ертегісін әзірлеп және өткізгендер – дене шынықтыру бойынша инструктор Казицина Н.И., педагог-психолог Коваленко Е.А., ағылшын тілі педагогы Тосумова Л.К., кішкентайлар тобының тәрбиешісі Дусипханова А.Д.
Мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру арқылы қазақ халқының фольклорымен, қолөнерімен таныстыру.
Міндеттер:
- жүгіруде, секіруде, өрмелеуде, тепе-теңдікті сақтау және лақтыруда жаттығу;
- шапшаңдықты, жылдамдықты, зейінді дамыту;
-қазақ халқының шығармашылығы мен ертегілеріне қызығушылықтарын ояту, достары жақындарын қиын жағдайда қалдырмауға үйрету.
Біздің қазақ халқының ұлттық ертегісі желісі бойынша құрастырылған ертегіміз ерекше және өте қызықты болды. Балалар ертегі әлеміне еніп, Ер-Төстік пен Кенжекей атты кейіпкерлермен бірге кедергілерден өтті. «Құздан өту» - орындықтың үстімен жүріп өту, «Көздеп ату» - доптарды корзинаға лақтыру, «Ұйықтап жатқан жыланды оятпа» - арқаннан секіру сияқты жаттығуларды өте жақсы орындап шықты.
Ертегі кезінде эстафета өткізілді, балалар қимыл-қозғалыс ойындарын ойнаумен қатар, екі тілде достық туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер айтып берді. Кейіпкерлерге қиындықта бір-біріне көмек қолын созу не үшін маңызды екенін түсіндіруге көмектестік. Балалар өте белсенді болды, үлкен қызығушылықпен ойнады. Бұл іс-шара олардың тек қазақ және орыс тіліндегі сөздерді үйретіп, сөйлеу тілін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар моторика мен шапшаңдықты, жылдамдықты, топпен ұйымдасып жұмыс істеуге үйретті. Кенжекей балаларды жамандықтан қорғайтын тұмарды сыйға тарту дәстүрімен таныстырды. Балалар тапсырмаларды мұқият орындап, ұйымдасқан түрде жұмыс істеді. Барлық қатысушылар керемет әсер мен позитивке ие болды.