Жүгіру жолы
AA+
№17 «Ручеек» балабақша-бөбекжайы КМҚК
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі
Жүгіру жолы
№17 «Ручеек» балабақша-бөбекжайы КМҚК
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі

2018 жылдың 4 мамыр күні №17 «Ручеек» балабақша-бөбекжайында Қазақстан республикасы Отан қорғаушылар күніне арналған «Будем в армии служить» спорттық-музыкалық шара өткізілді.Іс-шара естиярлар және ересек топ балаларының ата-аналарымен бірге өтті.Кіші топтың балалары көрермен ретінде шақырылды.
Бұл мерекенің мақсаты:Балалардың дене шынықтыру сабағына,спортқа деген қызығушылықтарын туғызу,достық сезімін қалыптастыру,ептілікке үйрету, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту,үлкендерге құрметпен қарау,достық сезімін қалыптастырып,ата-аналарды балабақшаның спорттық іс –шараларына қатыстырып,жұмылдыру болатын. Естиярлар және ересек топ балаларының ата-аналарымен тек спорттық ойындар ғана емес сонымен қатар интеллектуалды сұрақтар қойылды.Эстафеталар арасында  әскери  тақырыпта әндер,тақпақтар айтылып,би орындалды.Қыздар әскери медбике рөлінде ойнап,жаралы  әскери адамдарға алғашқы көмек көрсетті.Әр конкурсты қазылар алқасы бағалады.Әр сайыс қортындыланып отырды.Жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен  марапатталды.Ата-аналар мен балалар бұл сайыстан көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.